Құрметті  сайттың  келушілері!

Сайтта Сіз біздің емхананың қызметі, құрылымы, емделушілерімізге көрсетілетін қызметтер мен дәрігер-мамандар туралы, сондай-ақ ауруларды диагностикалау, емдеу және алдын алу туралы ең соңғы және толық ақпаратпен таныса аласыз. Сайт беттерінде Сіз емхана қызметіне қатысты сұрағыңызды қоя аласыз немесе ұсыныстарыңызды қалдыра аласыз.

Біздің емханада Сіздің денсаулығыңызды сақтау және нығайту үшін өз білімдерін және тәжірибесін жұмсайтын, өз кәсіби деңгейін ұдайы көтеруге ұмтылатын, білікті дәрігерлер жұмыс жасайды.

Денсаулықты сақтау - біздің ортақ мақсатымыз. Жыл сайынғы профилактикалық тексерулерден өткеніңіз денсаулығыңызды сақтауға септігін тигізеді, уақытында жасалған екпелер Сізді әр түрлі жұқпалы аурулардан қорғайды – сондықтан осыны ұмытпай, денсаулығыңызға мұқият қараңыз.

Біздің интернет-сайтымызға келгеніңіз біз үшін өзара тиімді және пайдалы болса, қуанышты боламыз.

Құрметпен, «№2 АҚЕ» ШЖҚ МКК ұжымы

Толығырақ

Тұрғындардың  назарына!

 

 

«№ 2 Ақтау қалалық емханасы» ШЖҚ МКК-ның  басшылығы  төмендегіні хабарлайды.

 

«Қазақстан Республикасында медициналық-санитариялық алғашқы көмекті дамытудың 2018-2022 жылдарға арналған негізгі бағыттарын бекіту туралы» ҚР ДСМ министрінің 27.07.2018ж. №461 бүйрығына сәйкес, «... алғашқы медициналық  көмек қызметтері  тіркелген  халыққа 15-минутты қадамдық қолжетімділікте болуы тиіс.»

 

Осыған байланысты, «№ 2 Ақтау қалалық емханасы» ШЖҚ МКК-на  бекітілген: 28, 28 А, 29, 30-шы шағынаудандар және  Толқын-1, Толқын-2 тұрғын  үй  массивтерінің тұрғындары үшін  32 шағынаудан  №15 ғимарат мекенжайы бойынша жаңа Дәрігерлік амбулатория  ашылғанын хабарлаймыз.

 

 «№ 2 Ақтау қалалық емханасы» ШЖҚ МКК-ның  Дәрігерлік амбулаториясында  төмендегі қызметтер көрсетіледі:

 

  1. Жұмыс кестесіне сәйкес жалпы тәжірибе дәрігерлерінің  қабылдауы.
  2. Дәрігерді үйге  шақырту.
  3. Тіркеу орны, егу кабинеті, емшара  кабинеті, қаралу кабинеті.

 

Дәрігерлік амбулаторияның жұмыс кестесі

 

Дүйсенбі- жұма аралығында  сағат 08:00-ден - 20:00-ге дейін

Сенбі күні 09:00-ден - 15:00-ге дейін

Мереке күндері сағат 09:00-ден - 14:00-ге дейін: тіркеу орны, кезекші жалпы тәжірибе дәрігері, емшара  кабинеті  қызмет көрсетеді.

Тіркеу орны  телефоны            33 – 04 – 09

Емшара  кабинетінің телефоны                   33 – 04 -08

№4  жалпы тәжірибе дәрігерлері бөлімшесінің меңгерушісі Асанова Қазына -33 – 04 -09

 

Құрметпен, «№ 2 Ақтау қалалық емханасы» ШЖҚ МКК-ның          басшылығы