Құрметті  сайттың  келушілері!

Сайтта Сіз біздің емхананың қызметі, құрылымы, емделушілерімізге көрсетілетін қызметтер мен дәрігер-мамандар туралы, сондай-ақ ауруларды диагностикалау, емдеу және алдын алу туралы ең соңғы және толық ақпаратпен таныса аласыз. Сайт беттерінде Сіз емхана қызметіне қатысты сұрағыңызды қоя аласыз немесе ұсыныстарыңызды қалдыра аласыз.

Біздің емханада Сіздің денсаулығыңызды сақтау және нығайту үшін өз білімдерін және тәжірибесін жұмсайтын, өз кәсіби деңгейін ұдайы көтеруге ұмтылатын, білікті дәрігерлер жұмыс жасайды.

Денсаулықты сақтау - біздің ортақ мақсатымыз. Жыл сайынғы профилактикалық тексерулерден өткеніңіз денсаулығыңызды сақтауға септігін тигізеді, уақытында жасалған екпелер Сізді әр түрлі жұқпалы аурулардан қорғайды – сондықтан осыны ұмытпай, денсаулығыңызға мұқият қараңыз.

Біздің интернет-сайтымызға келгеніңіз біз үшін өзара тиімді және пайдалы болса, қуанышты боламыз.

Құрметпен, «№2 АҚЕ» ШЖҚ МКК ұжымы

Толығырақ

Құрметті емделушілер біздің емханада стоматологиялық кабинет ашылды. Емделушілер тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру негізінде сапалы көмек ала алады. Медициналық көмекті жоғары санатты стоматолог-дәрігер Шәміл Надир көрсетеді.