№2 Ақтау қалалық емханасында стоматологиялық кабинет ашылды. Емделушілер тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру негізінде сапалы көмек ала алады. Медициналық көмекті жоғары санатты стоматолог-дәрігері Шәміл Надир көрсетеді.