«№ 2 Ақтау қалалық емханасы» ШЖҚ МКК-на тіркелген

халықтың назарына! !!

 

Медицина саласының  цифрландырылуына байланысты медициналық ақпараттық жүйе  енгізілуде. БМСК деңгейіндегі цифрландырылу бағыттарының бірі- электронды тіркеу орнын құру. Осыған байланысты, № 2 Ақтау қалалық емханасының  тіркеу орны мен анықтама қызметі телефондары  бірыңғай СALL –орталыққа біріктірілді.

 

СALL –орталық-  емделушілерден келіп түсетін  қоңырауларды  кәсіби өңдеуге  арналған аппаратық-ақпараттық құралдардың, ақпараттық және операторлық ресурстардың жиынтығы болып табылады.

 

Сіз СALL –орталыққа хабарласып,  келесі қызмет түрлерін:  

 

-қажетті ақпарат;

 

-дәрігерді үйге шақырту;

 

-дәрігердің қабылдауына жазылу;

 

-дәрігердің, флюорокабинеттің, зертхананың және т.б. емхана қызметтерінің жұмыс кестесін;

 

-медициналық кеңес ала аласыз.

 

Балалар бөлімшесінің  тіркеу орны мен анықтама қызметінің телефоны

 8(7292) 290 - 303

 

Ересектер бөлімшесінің тіркеу орны мен анықтама қызметінің телефоны

8(7292) 290 - 404

 

Құрметпен, № 2 Ақтау қалалық емханасы басшылығы

 

 

Құрметті Ақтау қаласының тұрғындары!!!

Медицина саласының цифрландырылуына байланысты, Сіз DAMU MED мобильді қосымшаны өз телефондарыңызға жүктей аласыз. DAMU MED мобильді қосымшасы - бұл емделушінің жеке кабинеті. Әрбір азамат өзінің жеке кабинетінен келесі қызмет түрлерін ала алады:

- дәрігердің  қабылдауына жазылу;
- дәрігерді үйге шақырту;
- зертханалық талдаулар қорытындылары;
- дәрі-дәрмек рецептілері;
- дәрі-дәрмек рецептілерін ұзарту;
- еңбекке жарамсыздық парақшалары.