Емхана психологтары Шамшиева М., Иманалиева Б. және Туребаева Г. емхана қызметкерлері арасында «Медицина қызметкерлерінің этикасы мен деонтологиясы» тақырыбында семинар-практикумдар өткізді.

Онда лауазымдық міндеттерін орындау барысында этикалық қағидалар мен сөйлеу мәдениетін сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Жалпы сабақтар әр жағдай мен жанжалдарды шешу әдістерін егжей-тегжейлі талқылаумен диалог түрінде өтті. Практикумдар соңында психологтар сауалнама жүргізді.