21 маусым күні QAZAQSTAN Ұлттық телеарнасында дәрігерлердің кәсіби мерекесіне орай «Абзал жандар» атты телемарафон өтті.

Телемарафонның мақсаты- қоғамға медицина қызметкерлерінің енбекқорлығы мен кәсібилігі туралы айтып, ерен еңбектері мен ерліктері үшін алғыс білдіру. Телемарафон барысында аймақтардағы медициналық мекемелердің тыныс-тіршілігі көрсетілді. Маңғыстау өңірінен репортаж  №2 Ақтау қалалық емханасы базасында түсіріліп тікелей эфирге шықты. Онда медицина саласының ардагері мен дәл қазір демалыссыз еңбек етіп жүрген дәрігермен сұхбат жүргізілді.