Жаңалықтар

2019 жылғы 30 қаңтарда "Ақтау" сауда-ойын сауық орталығында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жәрменкесі өтті. Шара барысында мемлекеттік басқармалардың мамандары тұрғындарға электронды түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алу тәртібін түсіндіріп, тиісты кеңестер берді.

24.01.2019ж. №2 Ақтау қалалық емханасы отбасын жоспарлау кабинетінің акушеркасы П.Пошанова №4 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушы қыздары арасында "Жатыр мойыны обырын алдын алу" тақырыбында лекциялық сабақ өткізді.

15.01.2019ж. "БЖЗҚ" АҚ Маңғыстау облыстық филиалының көшпелі қызмет көрсету бөлім мамандары А.М.Едильханова мен Н.У.Утеева халықтың қаржылық-құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында №2 Ақтау қалалық емханасы қызметкерлеріне "ҚР зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер" тақырыбында семинар өткізді.

10.01.2019ж.№2 Ақтау қалалық емханасында дәрігерлер мен мейірбикелерге арналған "Жіті коронарлы синдром. Дифференциалды диагностика. ЖКС алғашқы көмек" тақырыбында оқыту семинары өтті. Терапевтикалық бейінді бір сала мамандары бөлімшесінің меңгерушісі А.Ш.Балтаева семинарды өткізіп, мамандарға жүрек-өкпе реанимациясының алгоритмін және жіті коронарлы синдром кезінде алғашқы көмекті орындау техникасын көрсетті.

2018 жылы 30 желтоқсанда №2 Ақтау қалалық емханасында Жаңа жыл мерекесіне арналған мерекелік шара өтті. №2 Ақтау қалалық емхана директоры Б.Ж,Төлегенов емхана ұжымын Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, жылы лебізін арнады.

Ақтау қаласы білім бөлімінің "Оқушы Орталығы" КММ-де және аула клубтарында 6586 бала түрлі үйірмелерге тегін қатысады, олардың ішінде 500-ге жуық бала әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына жатады.
25 желтоқсан күні "Оқушы Орталығында" балаларға арналған мерекелік шара ұйымдастырылды. Ана мен баланы қорғау бойынша кешенді шараларды іске жүргізу мақсатында, №2 Ақтау қалалық емханасының өкілдері мерекеге қатысып, тілектерін жеткізіп, емхана атынан 30 балаға жаңа жылдық сыйлықтар тарту етті.