Жаңалықтар

2018 жылдың 28 қарашасында №2 Ақтау қалалық емханасының эпидемиолог-дәрігері Р.М.Кульманова медицина қызметкерлеріне интерактивті форматта  "Қызылша - эпидемиологиялық жағдай, клиникасы, диагностикасы, алдын алу шаралары" тақырыбында семинар өткізді.

2018 жылғы 24 қараша күні №2 Ақтау қалалық емханасында облыстық онкология диспансерінің мамандарының қатысуымен өкпе обырын алдын алу мақсатында Ашық есік күні өтті. Шараға келген тұрғындар тәжірибелі мамандарға қаралып, қенес алды.

 

Ақтау қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен бірлесе отырып, салауатты өмір салтын насихаттау, өз денсаулығын сауатты басқару дағдыларын салыптастыру мақсатында 2018 жылғы 23 қараша күні "Ақтау" ойын-сауық орталығында қала тұрғындары үшін кең ауқымды акция ұйымдастырды.

Бүгін облыстық медиа орталығында "МӘМС және ТМККК туралы ақпараттық анықтау жұмысы" тақырыбында брифинг өтті.
Брифингке №2 Ақтау қалалық емханасы директорының әдістемелік-ұйымдастыру жұмысы жөніндегі орынбасары А.Қ.Жакешева қатысып, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың басым міндеттері туралы және емханаларға тіркелу тәртібі жөнінде толыққанды ақпарат берді.

Қараша айының үшінші бейсенбісінде әлемде Халықаралық шылым шегуден бас тарту күні аталып өтеді. Биылғы жылы елімізде "Шылым шегуді тастау үшін тамаша күн!" акциясы өткізілуде. Аталмыш шараның басты мақсаты - халықтың барлық топтарын шылым шегуге қарсы күреске тарту жолымен темекі өнімдерін тұтынуды төмендету, шылым шегудің профилактикасы және денсаулыққа темекінің зиянды әсері туралы қоғамды хабардар ету.

Жыл сайын 14 қараша әлемде дүниежүзілік қант диабетімен күрес күні аталып өтеді.