Жаңалықтар

9 қараша күні №2 Ақтау қалалық емханасында "Медицина және жемқорлық сай келмейді" тақырыбында семинар-тренинг өтті. Шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменттің сыбайлас жемқорлықтын алдын алу басқармасының басшысы Н.Айтжанов, Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының мемлекеттік қызмет көрсету және құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы А.А.Шамшиев, "Риза Ана" қоғамдық қор үйлестірушісі А.Байбатырова қатысып, мемлекетіміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі басым- бағыттары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасының талаптары туралы айтып берді. Сонымен қатар мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жоғарылату мәселесін талқылады.

Елімізде жыл сайын 15 қырқүйектен бастап 15 қараша аралығында халықты МСАК ұйымдарына бекіту науқаны жүргізіледі.

Ағымдағы жылдың 2 қараша күні №2 Ақтау қалалық емханасы басшылығының бастамасымен емхана бекітілген егде жастағы тұрғындарға дөнгелек үстел ұйымдастырылды.

2018 жылғы 29 қазан күні №2 Ақтау қалалық емханасының ұжымы Инсультке қарсы күрес күніне орай Ашық есік күнін өткізді.

2018 жылғы 1 қазан мен 1 қараша аралығында облысымызда ЖРВИ, тұмау және пневмококк инфекциясының алдын алуға бағытталған айлық өткізілуде.

2018 жылғы 27 қазанда Ақтау қаласы 15 шағын аудандағы теңіз жағалауында "Денсаулыққа қажетті сандарға қол жеткіз!" ұранымен кең көлемді "Денсаулық фестивалі - 2018" өтті