Жаңалықтар

Бүгін, 15 маусым күні №2 Ақтау қалалық емханасында облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен бірлескен "Сау болу-сәнді!" ұранымен акция ұйымдастырылып, өткізді. Шара барысында дәрігерлер скринингтік тексерулер жүргізіп, менингококк инфекциясы мен зиянды әдеттер жөнінде ақпараттық- түсіндіру жұмысын өткізді.

Медицина қызметкерлерінің күні дәстүрлі түрде маусым айының үшінші жексембісінде аталып өтеді. Осыған орай, мереке қарсаңында 14 маусым күні №2 Ақтау қалалық емханасында салтанатты шара болып өтті.

2018 жылдың 7 маусымында №2 Ақтау қалалық емханасы директорының балалар бойынша орынбасары Шаңытбаева Ж.К. мешіттің бас имамы Сейтбеков Смайылдың қатысуымен Маңғыстау облыстық "Бекет Ата" мешітіндегі жамағат арасында екпе жасаудың маңыздылығы мен қажеттілігі туралы және менингококк инфекциясы жөнінде ақпараттық-түсіндерме жұмысын жүргізді.

Рамазан айында №2 Ақтау қалалық емханасының қызметкерлері 2 топ мүгедектігі бар қыз баласын тәрбиелеп отырған 2 топ мүгедегі Қанатова Қанзипа мен 7 баланы асырап отырған жалғыз басты ана Бисембаева Пердегүлдің үйлеріне барып, №2 Ақтау қалалық емханасының атынан материалдық көмек көрсетті.

ДДҰ-ның мәліметтері бойынша қазіргі әлемде есірткі заттарын қабылдайтын тұлғалардың санының үздіксіз өсу беталысы байқалуда, жастардың есірткілерді тұтынуы өсуде, дәстүрлі емес есірткілерді тұтынуға қоғамның барлық әлеуметтік-экономикалық топтарының өкілдері тартылуда. Өскелең ұрпақ арасында психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынудың таралуы үрей тудырады, себебі балалар мен жасөспірімдердің есірткіге тәуелділігі ересектердің нашақорлығын дамыту үшін тұрақты базаны қалыптастырады.

2018 жылдың 7 маусымында №2 Ақтау қалалық емханасы директорының ұйымдастыру - әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары А.К.Жакешева емханаға келген халық арасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, электронды медициналық сервистерінің Damu Med мобильді қосымшасы және менингококк инфекциясы жағдайына қатысты ақпараттық - түсіндіру жұмысын жүргізді.

2018 жылғы 6 маусымда №2 Ақтау қалалық емханасының эпидемиолог-дәрігері Г.Жанашақызы емхана медицина қызметкерлері арасында "Менингит және менингококк инфекциясы" тақырыбында оқыту семинарын өткізді. Семинар барысында аурудың алдын алу, сақтану шаралары және аурумен күрес мәселелері талқыланды.