Жаңалықтар

Бүгін, 2018 жылғы 31 мамыр күні №2 Ақтау қалалық емханасының конференц залында медицина қызметкерлеріне арналған "Менингит және менингококк инфекциясы" тақырыбында оқыту семинары өтті. Семинарды №2 Ақтау қалалық емханасының эпидемиолог - дәрігері Г.Жанашақызы өткізді. Семинар барысында эпидемиолог- дәрігер Г.Жанашақызы аурудың алдын алу, сақтану шаралары және өңірдегі эпидемиологиялық ахуал туралы айтып берді.

2018 жылғы 1 маусым күні №2 Ақтау қалалық емханасында "Бұл әлемді біз балаларға сыйлаймыз!" ұранымен Балаларды қорғау күні аталып өтті. Мереке күні педиатрия бөлімшесінің қызметкерлері барлық кішкентай емделушілер мен олардың ата - аналарын мерекемен құттықтап, түрлі сыйлықтар, шарлар және мақтау қағаздарын табыс етті. Ата - аналар емхана ұжымына балаларға көтерінкі көңіл - күй сыйлағаны үшін өз ризашылықтарын білдірді .

2018 жылдың 28 мамырында №2 Ақтау қалалық емханасының басшылығы "Ақсұнқар" мейрамханасында ауыз бекіткен қызметкерлерге ауызашар өткізді.

№2 Ақтау қалалық емханасында DAMU MED электронды медициналық қызметтер мобильді қосымшасы туралы түсіндіру және оны телефондарына жүктеп алу жолын түсіндіру жұмыстары жалғасуда.

Темекі шегудің алдын алу айлығы аясында, 2018 жылғы 21 мамырда №2 Ақтау қалалық емханасының жалпы тәжірибе дәрігері...

Бронх демікпесі - ентігу түрінде білінетін тыныс алу жолдарының созылмалы қабынып ауруы, жөтел жиі және ұзақ болған жағдайда адам тұншығуы мүмкін.

2018 жылдың 19 мамыр күні "Маңғыстау арена" спорт кешенінде медицина қызметкерлерінің арасында "Спорт - денсаулық кепілі" атты Спартакиаданың ашылу рәсімі болып өтті. Ашылу рәсімінен кейін волейболдан жарыс өткізілді. Жарысқа №2 Ақтау қалалық емханасының  қыздар құрама тобы қатысып, жүлделі III орынды иеленді.