Жаңалықтар

2018 жылғы 15 мамыр күні №2 Ақтау қалалық емханасының конференц - залында " Туберкулездің ерекше профилактикасы (БЦЖ, Манту, Диаскин-тест)" тақырыбында оқыту семинары өтті. Семинарды облыстық туберкулезге қарсы диспансердің фтизио-педиатры Заркулова Қ.С. және Ақтау қалалық қоғамдық денсаулық сақтауды қорғау басқармасының жетекші маманы Таужанова Ж.Ж өткізді.

2018 жылғы 15 мамыр күні №2 Ақтау қалалық емханасында Дүниежүзілік артериалды гипертонияға қарсы күрес күніне орайластырылған "Өз қан қысымынды біл!" акциясы өтті. 

Темекі шегудің алдын алу айлығы аясында №2 Ақтау қалалық емханасында 2018 жылдың мамыр айының 14 күні Ашық есік күні өтті. Емхана холында " Никотинді дәруменге ауыстыр!" акциясы өткізілді.

Бронх демікпесі денсаулық сақтау саласына ғаламдық мәселе тудырып, көп таралған созылмалы аурулардың бірі болып табылады.

№2 Ақтау қалалық емханасында 400- ден астам мейірбике қызмет етеді. Олардың көпшілігі санатты білікті мамандар және барлығы ұдайы біліктілігін арттырып тұрады. Кәсіби біліктілігінің арқасында барлығы құрметке ие.

5 мамыр күні теңіз жаға жайында облыс әкімі Е.Тоғжановтың және Қазақстан Еңбек ері, Олимпиада чемпионы Жақсылық Әміраліұлы Үшкемпіровтің қатысуымен "Таңғы жаттығу" өтті. Аталмыш шараға №2 Ақтау қалалық емханасының қызметкерлері қатысты.

Ұлы Жеңіс күні қарсаңында №2 Ақтау қалалық емханасы әкімшілігі директордың ұйымдастыру-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары А.К.Жакешева тұлғасында және жалпы тәжірибе дәрігері С.А.Лушникова Ұлы Отан соғысының ардагері Василий Иванович Салазкинның үйіне кіріп шықты.