Жаңалықтар

Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын жақсартуға бағытталған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, 2019 жылғы 19 қазан күні №2 Ақтау қалалық емханасында онкологиялық аурулардың алдын алу және ерте анықтау бойынша Ашық есік күні өткізілді.

ЖРВИ, тұмау және пневмококк инфекциясының алдын алу жөніндегі айлық аясында 11.10.2019ж. №2 Ақтау қалалық емханасының жалпы тәжірибе дәрігері А.Б.Толесбаева №20 орта мектептің 8 сынып оқушыларымен кездесіп, онда жедел респираторлы вирустық инфекциялар мен тұмаудың алдын алу туралы әңгімеледі.

Жыл сайын 10 қазанда Психикалық денсаулық күні атап өтіледі. Ол Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қолдаумен психикалық денсаулық проблемалары туралы қоғамды ақпараттандыру және психикалық денсаулықты нығайтуды қолдауға күш-жігерді жұмылдыру мақсатында өткізіледі.

Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен келген ҚР премьер-министрінің орынбасары Б.М.Сапарбаев 2019 жылғы 11 қазан күні №2 Ақтау қалалық емханасының тыныс-тіршілімен танысты.

2019 жылдың 1 қазан -1 қараша аралығында облысымызда «Ескерту. Қорғау. Егу!» ұранымен ЖРВИ, тұмау және пневмококк инфекциясының алдын алуға  бағытталған айлық өткізілуде.

2019 жылғы 1 қазан күні №2 Ақтау қалалық емханасының әкімшілігі көп жылдар емханада қызмет істеп зейнеткерлікке шыққан қызметкердің үйлеріне барып, Дүниежүзілік қарттар күнімен құттықтады. Оларға зор денсаулық тілеп, ақшалай сыйлық табыстады.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 2019 жылғы 25 қыркүйек күні 15 шағын аудандағы «Халыққа қызмет көрсету орталығында» кең көлемді шара өтті.