Жаңалықтар
2019 жылғы 20-24 мамыр аралығында №2 Ақтау қалалық емханасы базасында "Патронаждық қызметтің универсалды-прогрессивті моделі" тақырыбында педиатр-дәрігерлері мен мейірбикелер арналған 5-күндік оқыту семинар өтуде.
2019 жылғы 14-20 мамыр аралығында республикамызда мектеп жасындағы балаларға арналған "Салауатты өмір салтын ұстанымын!" денсаулық апталығы өтті.
Темекі шегудің алдын алу айлығы аясында, 2019 жылғы 13 мамыр күні №2 Ақтау қалалық емханасының жасөспірімдер терапевт-дәрігері А.Н.Тулеубаева Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжі студенттермен кездесіп, темекі шегудің алдын алу, темекінің ағзаға тигізетін әсері жайлі түсіндірме жұмысын өткізді.
Бүгін емхана директорының орынбасары А.Н.Нурллина, кәсіподақ төрайымі А.Қ.Нұрғожаева медбикелерді кәсібі мерекелерімен құттықтады.
2019 жылдың 4 мамыр күні №2 Ақтау қалалық емханасы директорының ұйымдастыру-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары А.К.Жакешева емханаға келген халық арасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізді.
4.05.2019ж. №2 Ақтау қалалық емханасының жалпы тәжірибе дәрігері Н.М.Еспулаева №21 орта мектептің 4 сынып оқушылары арасында "Абайла, қызылша!" тақырыбында дәріс жүргізді
Дүниежүзілік темекі шегумен күрес күніне орайластырылған "Біз темекісіз Қазақстанды қолдаймыз" іс-шара аясында №2 Ақтау қалалық емханасының жасөспірімдер дәрігері К.И.Ахметова "Болашақ" колледжі студенттермен темекі шегудің зиянды әсері туралы түсіндірме жұмысын жүргізді.