Жаңалықтар

Дүниежүзілік иммундау апталығы аясында 2019 жылғы 29 сәуір күні №2 Ақтау қалалық емханасының жалпы тәжірибе дәрігері А.Г.Тастайбекова №28 орта мектептің 4 сынып оқушылары арасында "Вакцинация - сау өмірге әкелетін жол!" тақырыбында сабақ өткізді. Ондағы мақсат балаларға екпенің пайдасы мен екпені алмаған жағдайдағы қауіпті жеткілікті түрде түсіндіріп, екпе егуге оң қозқарас қалыптастыру.

2019 жылдың 26 сәуір күні №2 Ақтау қалалық емханасы директорының ұйымдастыру-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары А.К.Жакешева емхана келушілері арасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жөнінде ақпараттық түсіндіру жұмысын жүргізді.

Елімізде жарақаттанудың алдын алу бойынша айлық өтуде. Осыған байланысты, 2019 жылғы 23 сәуірде №2 Ақтау қалалық емханасының хирург-дәрігері Амантөре Айбек Қыпшақұлы №16 орта мектептің 4А сынып оқушыларына "Жарақаттанудың алдын алу" тақырыбында сабақ өткізді.

2019 жылғы 22-26 сәуір аралығында №2 Ақтау қалалық емханасы базасында "Жүкті әйелдер мен ерте жастағы балаларға патронаждық қызметтің универсалды-прогрессивті моделі" тақырыбында педиатр-дәрігерлері мен мейірбикелерге арналған 5-күндік семинар-тренинг өтуде. Семинар-тренингтің мақсаты - ДДҰ мен ЮНИСЕФ-тің дайындаған бағдарламасы бойынша патронаж қызметтің жаңа рөлі мен жаңа міндеттерін педиатр-дәрігерлеріне мен мейірбикелерге түсіндіріп, үйрету. Апталық оқуды ерте жастағы бала дамуы бойынша үйлестіруші С.М.Ермұқанова өткізуде.

2019 жылғы 20 сәуір күні елімізде "Бүкіл Қазақстандық ағаш отырғызу" республикалық экологиялық акциясы өтті. Аталмыш шараға №2 Ақтау қалалық емханасының қызметкерлері де ат салысып, қаланың 19-20 шағынаудан аралығындағы тас жол бойына көшеттер отырғызды.

2019 жылғы 15-19 сәуір аралығында №2 Ақтау қалалық емханасында тренер Султанбекова Гульмира Амантаевна жалпы тәжірибе дәрігерлері мен медбикелер арасында "Созылмалы жұқпалы емес ауруларды басқару бағдарламасын енгізу" тақырыбы бойынша оқыту тренингтірі өткізілуде.

2019 жылғы 9 сәуір күні №2 Ақтау қалалық емханасында "Иммундық профилактика" тақырыбында медицина қызметкерлеріне арналған оқыту семинары өтті. Семинарды Маңғыстыу облысының штаттан тыс эпидемиологі М.Ж.Қадір жүргізді.