Салауатты өмір салтын ұстануды, дұрыс тамақтануды, спортпен айналысуды насихаттау мақсатында 2019 жылдың 14 қыркүйек күні Ақтау қаласында «Денсаулық сандарына жет!» ұранымен «Денсаулық фестивалі» өтті.

 

шараға жастар, қала тұрғындары және денсаулық сақтау саласының мамандары қатысты. Фестиваль жүгіру марафонымен басталып, танғы жаттығумен жалғасты. Теңіз жағалауында ұйымдастырылған денсаулық бұрыштарында №2 Ақтау калалық емхана мамандары профилактикалық тексерулер жүргізді, онда тұрғындардың бойы мен салмағы, артериалды қан қысымы өлшеніп, медициналық кеңес және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы ақпарат берілді.