2019 жылдың 1 қазан -1 қараша аралығында облысымызда «Ескерту. Қорғау. Егу!» ұранымен ЖРВИ, тұмау және пневмококк инфекциясының алдын алуға  бағытталған айлық өткізілуде.

Аталмыш айлық шеңберінде 7.10.2019ж. №2 Ақтау қалалық емханасының жалпы тәжірибе дәрігері А.К.Есеева №20 орта мектептің оқушыларымен кездесіп, оларға тұмау және басқа да жедел респираторлы вирустық инфекциялардың алдын алуы туралы әнгімелеп берді.