«2020 жылдан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарна төлеу міндетті болып табылады әрі жұмыс пен табыстың бар-жоғына қарамастан ай сайын төлем жасалуы тиіс. Бірақ бұл ретте міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі барлық халыққа, ең алдымен әлеуметтік осал санаттағы азаматтар үшін қолжетімді болып қала береді», - деп атап өтті Маңғыстау облысы бойынша Қор филиалында.
Егер азамат 2020 жылдан бастап МӘМС жарналарын аударуды жүзеге асырмаса, онда мемлекет төлеушіге барлық кезеңді берешек деп қоймайды. Сақтандыру мәртебесін алу кезінде 12 айға төлем жасағаны ескеріліп, бұрын төленбеген барлық кезеңдері автоматты түрде жойылады.
Мемлекет азаматтардың әлеуметтік осал санаттарына кіретін 15 жеңілдік санатына, яғни 11 миллионнан астам адам үшін жарна төлейді. Бұл жүйенің әлеуметтік жауапкершілігін және халықтың денсаулығын қорғауға бағдарланғандығын дәлелдей түседі. Яғни:
- егер адамның жұмысы болмаса, ол жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркеліп, жеңілдік мәртебесін ала алады;
- егер адамның табысы мүлдем болмаса, ол атаулы әлеуметтік көмек алушы бола алады және жеңілдікті мәртебеге ие болады;
- әйелдер жүктілік кезінде және босанғаннан кейін де жеңілдік мәртебесін алады;
- күндізгі оқу бөлімінің студенттері, зейнеткерлер, мүгедектігі бар адамдар, 18 жасқа дейінгі балалар – олардың барлығы жеңілдікті мәртебеге ие, яғни МӘМС жарналарын олар үшін мемлекет төлейді.
Д-есепте тұрған әлеуметтік маңызы бар және созылмалы аурулары бар пациенттер медициналық сақтандыру жүйесіндегі сақтандыру мәртебесіне қарамастан, тегін амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді қоса алғанда, ауру түрі бойынша барлық қажетті медициналық көмекті алады.
Сақтандыру мәртебесінің болмауы адамды шұғыл медициналық көмек алу мүмкіндігінен айырмайды - жедел жәрдем шақыру және созылмалы аурулардың өршуі, қатты ауырсыну, жарақаттар, ЖРВИ немесе COVID-19-ға күдік туындаған жағдайда өзінің немесе жақын маңдағы емхананың фильтр кабинетіне жүгіне алады. Ол үшін мәртебенің болуы және Қорға жарна төлегені туралы ақпараттың керегі жоқ.
Қажет болған жағдайда пациенттердің мәртебесінің бар-жоғына қарамастан шұғыл түрде операциялар жасалады, кейде оның бағасы өте қымбат болуы мүмкін.
5 қыркүйектен бастап МӘМС-ке ешқашан төлем жасамаған немесе оны жүйелі түрде жасамаған дербес төлеушілер МӘМС-ке алдын ала төлем жасауға және өткен 12 айдағы жарналарды төлемей, бір жыл бұрын мәртебе алуға мүмкіндік алды. 2022 жылдың қыркүйегіне дейін өткен жылғы берешекті жаппай, сақтандыру мәртебесін алу мүмкін болмады.
Тағы не білу маңызды?
Төлемдердің болуы және бір жылға мәртебе беру туралы ақпаратты сақтандыру мәртебесін тексеретін тәсілдермен алуға болады. Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы немесе Telegram SaqtandyrýBot арқылы.
Төлемдер мен мәртебе туралы ресми құжатты мемлекеттік қызметтер арқылы eGov.kz электрондық үкімет порталынан алуға болады «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне медициналық көрсетілетін қызметті тұтынушы ретінде қатысу туралы және аударымдардың және (немесе) жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат ұсыну».