№2 АҚТАУ ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАСЫ "ГРИППОЛ ПЛЮС" ЕКПЕСІН ЕГІП БАСТАДЫ.

Гриппол плюс (полимер-суббірлікті белсенділігі жойылған үш валентті тұмау вакцинасы).

Қолданылуы: 6 айдан бастап балаларда,жасөспірімдерде және жас шамасы шектеусіз ересектерде тұмаудың спецификалық профилактикасы.

Егуге жатқызылатын контингенттер. Вакцина әсіресе мыналарға көрсетілген:

  1. Тұмаумен ауырған жағдайда асқынулар қаупі жоғары тұлғаларда:
  • 60 жастан асқандарға; мектеп жасына дейінгі балаларға, оқушыларға;
  • ЖРА-мен жиі ауыратын, созылмалы соматикалық аурулары бар, соның ішінде: орталық жүйке, жүрек-қантамыр және бронх-өкпе жүйелерінің аурулары мен дамуының ақаулары, бронх демікпесі, бүйректің созылмалы аурулары, қант диабеті, зат алмасу аурулары, аутоиммундық аурулар, аллергиялық аурулар (тауық жұмыртқасының ақуызына аллергиядан басқа); созылмалы анемиясы, туа біткен немесе жүре пайда болған иммунитет тапшылығы, АИВ-пен жұқпаланған ересектер мен балаларға;
  1. Мамандығына байланысты тұмаумен ауыру немесе оны басқаларға жұқтыру қаупі жоғары тұлғаларға:
  • медицина қызметкерлеріне, білім беру мекемелерінің қызметкерлеріне, әлеуметтік қызмет көрсету салаларына, көлік, сауда, милиция, әскери қызметкерлер және т.б.

 Қолданудың басталуына дейін қажетті мәліметтер тізбесі

 Қолдануға болмайтын жағдайлар:

  • - Тауық жұмыртқасының ақуызына және вакцина компоненттеріне аллергиялық реакция.
  • - Жедел қызба жағдайлары немесе созылмалы аурудың өршуі (вакцинацияны сауыққанннан кейін немесе ремиссия кезеңінде жүргізеді).
  • - Бұрын тұмау вакциналарын енгізуге аллергиялық реакциялары болған адамдар
  • - Ауыр емес ЖРВЖ, ішектің жедел ауруларында вакцинацияны температура қалпына түскеннен кейін жүргізеді.
  • - 6 айға дейінгі балалар;
  • - жүктіліктің бірінші триместрі.