Құрметті  сайттың  келушілері!

Сайтта Сіз біздің емхананың қызметі, құрылымы, емделушілерімізге көрсетілетін қызметтер мен дәрігер-мамандар туралы, сондай-ақ ауруларды диагностикалау, емдеу және алдын алу туралы ең соңғы және толық ақпаратпен таныса аласыз. Сайт беттерінде Сіз емхана қызметіне қатысты сұрағыңызды қоя аласыз немесе ұсыныстарыңызды қалдыра аласыз.

Біздің емханада Сіздің денсаулығыңызды сақтау және нығайту үшін өз білімдерін және тәжірибесін жұмсайтын, өз кәсіби деңгейін ұдайы көтеруге ұмтылатын, білікті дәрігерлер жұмыс жасайды.

Денсаулықты сақтау - біздің ортақ мақсатымыз. Жыл сайынғы профилактикалық тексерулерден өткеніңіз денсаулығыңызды сақтауға септігін тигізеді, уақытында жасалған екпелер Сізді әр түрлі жұқпалы аурулардан қорғайды – сондықтан осыны ұмытпай, денсаулығыңызға мұқият қараңыз.

Біздің интернет-сайтымызға келгеніңіз біз үшін өзара тиімді және пайдалы болса, қуанышты боламыз.

Құрметпен, «№2 АҚЕ» ШЖҚ МКК ұжымы

Толығырақ

Қатерлі ісік ауруларының алдын алу бойынша Ашық есік күні. 4 ақпанда Дүниежүзілік өбырға қарсы күрес күні аталып өтеді. Осы шараның басты мақсаты - қатерлі ісік туралы халықтың ақпараттандыруын арттыру, қатерлі ісік ауруларын ерте анықтау және алдын алу. Осыған орай, 2018 жылғы 3 ақпанда №2 Ақтау қалалық емханасында қатерлі ісік ауруларының алдын алу бойынша Ашық есік күні өтті. Шара аясында емделушілердің бойы мен салмағы, артериалды қан қысымы, көзішілік қысымы өлшеніп, қан құрамындағы қант пен холестерин деңгейін аңықтайтын талдаулар жасалып, толық скринингтік бағдарлама жүргізілді. Сонымен бірге шара барысында емделушілер онкоцитологияға талдау тапсырып, сүт бездеріне ультрадыбыстық зерттеу және сүт бездеріне рентгенологиялық зерттеу (маммография) жүргізілді. Мінез - құлық қауіп-қатер факторлары мектебінде "Күйзелістің алдын алу" тақырыбында сабақ өтті.