Маңғыстау облысы  Денсаулық сақтау басқармасының «№2 Ақтау қалалық емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы  мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

Мекенжайы: 130000, Ақтау қаласы, 26 ш.а., № 54 ғимарат

Емхана 1984 жылы үлгілік жоба бойынша салынған ғимаратта орналасқан. Емхананың жоспарлы қуаттылығы ауысымына -1200 келушілерді  қабылдау. 2019 жылдың наурыз айында Дәрігерлік амбулатория (32 шағынаудан, №15 ғимарат) ашылды. 2020 жыл  басында емханаға тіркелген халықтың саны- 88 673 адам.

Қазіргі таңда «№2 Ақтау қалалық емханасы» ШЖҚ МКК-ны  тіркелу Ережелеріне сәйкес № 11, 15,  21, 24, 26,27, 28, 28А, 29, 30, 31А, 31Б, 32А, 32Б, 33, 34, 35 шағынаудандар және Самал,Толқын-1,Толқын-2 тұрғын  үй  массивтері, Приозерный поселкесінің тұрғындарына  амбулаториялық-емханалық  көмекті көрсетеді.

Амбулаториялық-емханалық көмек тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі ( ТМККК ) және 2020 жылдан бастап Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі ( МӘМС ) шеңберінде көрсетіледі. Сонымен бірге  тиісті нормативтік құжаттармен бекітілген Денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтер көрсету қағидалары мен шарттарына сәйкес ақылы негізде көрсетіледі.

 

 

БМСК  мыналарды қамтиды:

  1. кең таралған созылмалы ауруларды диагностикалау, емдеу, динамикалық бақылау және басқару, медициналық оңалту (3-кезең);
  2. жарақаттар, уланулар және басқа да шұғыл жағдайлар кезінде медициналық көмек көрсету;
  3. халықтың нысаналы топтарына (балаларға, жасөспірімдерге, ересектерге) профилактикалық медициналық (скринингтік) тексеру жүргізу;
  4. пациенттер арасында мүгедектігі мен өлім-жітімнің жоғары деңгейі бар кең таралған аурулар туралы халықтың хабардар болу деңгейін арттыру;
  5. балалар мен ересектерге медициналық-әлеуметтік және психологиялық қолдау көрсету;
  6. балалар мен ересектер арасында (5 жасқа дейінгі балалар, оның ішінде жаңа туған нәрестелер, жүкті әйелдер мен босанған әйелдер, қозғалуы шектелген кезде асқынудан тыс созылмалы аурулары бар пациенттер, паллиативтік көмекті қажет ететін пациенттер) қауіп факторларының алдын алу және анықтау мақсатында патронаждық бақылау жүргізу;
  7. отбасын жоспарлау, жүктілікті қауіпсіз тоқтату, ұрпақты болу денсаулығын сақтау мәселелері бойынша консультациялар;
  8. дәрілік заттарға рецепт жазып беру;
  9. иммундау;
  10. салауатты өмір салтын қалыптастыру және насихаттау;
  11. үйде шақыруларға қызмет көрсету;
  12. үйлерге белсенді бару.

Бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсетуді:

  • жалпы тәжірибе дәрігерлері/отбасылық дәрігерлер;
  • учаскелік педиатрлар;
  • жалпы тәжірибе медбикелері;
  • акушеркалар;
  • әлеуметтік қызметкер, психолог мамандары жүзеге асырады.

 

Кеңестік-диагностикалық көмек  ТМККК шеңберінде:

  1. консультациялық-диагностикалық көмек көрсету Ережесіне сәйкес бейінді мамандармен;
  2. БМСК көрсететін медицина қызметкерлерінің жолдамасы бойынша жоспарлы тәртіппен;
  3. БМСК көрсететін медицина қызметкерлерінің жолдамасынсыз шұғыл және шұғыл жағдайларда;
  4. диагноз қою, асқынулардың болуы және бір аяқталған жағдай шеңберінде пациентті жүргізудің одан әрі тактикасын айқындау мақсатында бейінді мамандардың жолдамасы бойынша жоспарлы тәртіппен көрсетіледі.

Кеңестік-диагностикалық көмек  тәулік бойы медициналық бақылаусыз мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету қызметтерін қамтиды.

Кеңестік-диагностикалық көмек көрсетуді бейінді мамандар: хирург, офтальмолог, отоларинголог, невропатолог, ревматолог, травматолог, уролог, онколог, кардиолог, эндокринолог, гастроэнтеролог, сонымен бірге  балалар бөлімшесінде фтизиатр, сурдолог, логопед, нефролог жүзеге асырады.