Мүмкіндіктерішектеулі тұлғаларға инфрақұрылымдарды қолжетімді ету мақсатында, көру, есту, қимыл-тірек аппараты бұзылыстары бар тұлғаларға №2 Ақтау қалалық емханасы толықтай бейімделген.


Медициналық қызмет көрсету аумағына кіруге қолайлы жағдайлар жасалған, оның ішінде:


- кіреберіс пен кіру алаңы сырғанауға қарсы жабынмен жабылған;


- пандустар, тұтқалар, айқарма есіктер барынша мемлекеттік нормативтерге сәйкес келтірілген;


- демалу және күту орындарында жұмсақ кушеткалар орналасқан;


- қолжетімділік тақтайшасы орналасқан;


- Брайль әріптерімен жазылған тактилді мнемосхема түр;


- нашар еститіндерге ақпараттық жүйе қарастырылған;


- емхана сыртында медицина қызметкерлерін шақыру тетігі орналасқан;


- санитарлық тораптарда таяқ пен балдақтарға арналған ілмектер қарастырылған;


- емхана алдындағы автотұрақта арнайы орын берілген


- мамандар қабылдауы, кеңесі, талдауларды алу, тексерулер:ЭКГ, флюорография, рентенография, маммография, УДЗ және т.б. 1 қабатта жүргізіледі.