Қараша айының үшінші бейсенбісінде әлемде Халықаралық шылым шегуден бас тарту күні аталып өтеді. Биылғы жылы елімізде "Шылым шегуді тастау үшін тамаша күн!" акциясы өткізілуде. Аталмыш шараның басты мақсаты - халықтың барлық топтарын шылым шегуге қарсы күреске тарту жолымен темекі өнімдерін тұтынуды төмендету, шылым шегудің профилактикасы және денсаулыққа темекінің зиянды әсері туралы қоғамды хабардар ету.


Осыған байланысты бүгін №2 Ақтау қалалық емханасында Ашық есік күні ұйымдастырылды. "Нұрлы Ақтау" қоғамдық бірлестігінің қатысуымен емхана холында "Никотин орнына - витамин" тақырыбында шылым шегудің алдын алу бойынша акция өтті. Акция барысында шылым шегушілер қалталарындағы қараптарын тастап, орнына тәтті  "дәрумен" алып кетіп жатты. Осылайша акция ұйымдастырушылары шылым шегушілерді зиянды әдеттен арылуға алғашқы қадам жасауға мәжбүр етті.


Темекіге қарсы кабинетте емхана психологтары Б.Иманалиева және Г.Туребаева "Шылым шегуден бас тарту ешқашан кеш емес!" тақырыбында тренинг өткізді.
Емхана психологі М.Шамшиева Маңғыстау гуманитарлық техникалық университетінің студентері арасында "Ешқашан ерте емес, ешқашан кеш емес" тақырыбында семинар өткізді.


Жалпы тәжірибе дәрігері М.С.Челеев №10 орта мектепте, мейірбике Отарова М. №4 лицей-гимназияда, мейірбике Махутова Т. №20 орта мектепте, мейірбике Айжаипова Г. №13 орта мектепте "Шылым шегу - денсаулыққа зиян келтіру" тақырыбында лекциялық сабақ өткізді.