Елбасы Н.Назарбаевтың Жастар жылын жариялауына байланысты өңірімізде "Салауатты Маңғыстау" акциясы өтуде.

Осыған орай 6.12.2018ж. облыстық әкімдік ғимаратының 2-ші қабатында денсаулық бұрышы ашылды, онда №2 Ақтау қалалық емханасының дәрігерлері мен медбикелері мемлекеттік қызметкерлерге тегін медициналық қызмет көрсетті: артериалды қан қысымы, бойы мен салмағы өлшеніп, қан құрамындағы қант пен холестериннің денгейін анықтайтын талдаулар жасалды.