Жатыр мойны обырының алдын алу апталығы шеңберінде 2019 жылғы 26 қантарда №2 Ақтау қалалық емханасында жатыр мойны обырын ерте кезеңінде анықтауға арналған Ашық есік күні өткізілді. Шара барысында келушілерге скринингтік тексерулер, онкоцитологиялық талдаулар, маммографиялық зерттеу жүргізіліп, дәрігер мамандардың кеңесі берілді.