ДДҰ-ның мәліметтері бойынша қазіргі әлемде есірткі заттарын қабылдайтын тұлғалардың санының үздіксіз өсу беталысы байқалуда, жастардың есірткілерді тұтынуы өсуде, дәстүрлі емес есірткілерді тұтынуға қоғамның барлық әлеуметтік-экономикалық топтарының өкілдері тартылуда. Өскелең ұрпақ арасында психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынудың таралуы үрей тудырады, себебі балалар мен жасөспірімдердің есірткіге тәуелділігі ересектердің нашақорлығын дамыту үшін тұрақты базаны қалыптастырады.

Қазақстан Республикасының өңірлерінде 26 маусымда жыл сайын Халықаралық нашақорлықпен және заңсыз есірткілер айналысымен күрес күні және оған орайластырылған 1 маусым мен 1 шілде аралығында айлық өткізіледі. Халықаралық нашақорлықпен және заңсыз есірткілер айналысымен күрес күніне орайластырылған айлық аясында №2 Ақтау қалалық емханасының жасөспірімдер терапевт-дәрігері К.И.Ахметова "Болашақ" колледжі студенттері арасында "Зиянды әдеттерден сақтан!" тақырыбында лекция оқыды.