2018 жылғы 27 қазанда Ақтау қаласы 15 шағын аудандағы теңіз жағалауында "Денсаулыққа қажетті сандарға қол жеткіз!" ұранымен кең көлемді "Денсаулық фестивалі - 2018" өтті. Фестивальдің мақсатты - тұрғындардың назарын салауатты өмір салтын ұстануға аударып, денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауды насихаттау.


Фестиваль барысында №2 Ақтау қалалық емханасының медицина қызметкерлері профилактикалық тексерулер жүргізді, оның ішінде: тұрғындардың бойы мен салмағы, артериалды қан қысымы өлшеніп, қан құрамындағы қант пен холестерин деңгейін анықтайтын талдаулар жасалды.