Жыл сайын 14 қараша әлемде дүниежүзілік қант диабетімен күрес күні аталып өтеді.

 

Атаулы күнге орай 2018 жылғы 14 қараша күні №2 Ақтау қалалық емханасында "Қант диабеті - бақылауда" ұранымен бір қатар шаралар ұйымдастырылды.

 

Балалар эндокринолог- дәрігері С.Б.Уразалина осы дертпен ауыратын балалар ата-аналарына "Қант диабеті туралы не білуіміз керек?" тақырыбында сабақ өткізді.


Ересектер эндокринолог-дәрігері Р.М.Мендикулова емхана пациентері арасында "Қант диабеттің алдын алу" тақырыбында кеңес өткізді. Онда ол қант диабеті ауруының негізгі белгілерін айтып, алдын алу жолдарын түсіндіріп өтті.


Жалпы тәжірибе дәригері Н.Н.Райымбердиева №16 орта мектеп оқушылары арасында "Дұрыс тамақтану - қант диабетің алдын алудың негізі" тақырыбында денсаулық сабағын өткізді.

 

.