10.02.2020 жылы «Болашақ» колледжінде №2 Ақтау қалалық емханасының жалпы тәжірибе дәрігері М.Б.Тілембаев коронавирустық инфекцияның алдын алу тақырыбында дәріс оқыды. Дәріс барысында студенттер аурудың белгілері мен коронавирустық инфекцияның алдын алу шаралары туралы білді.