№2 Ақтау қалалық емханасының гинеколог-дәрігері, психолог және жастар орталығының маманы №10-мектеп оқушыларына «Қыз тәрбиесі - ұл тәрбиесі» тақырыбында дәріс оқыды. Сондай-ақ, ерте жүктіліктің алдын-алу және жыныстық жолмен жұғатын аурулар бойынша анонимді түрде анкета таратылды. Шараға 60-қа жуық оқушы қызбалалар қатысты. Олар дәріс оқыған гинекологқа және психолог мамандарға сұрақтарын қойып, пікір алмасты.