"№ 2 Ақтау қалалық емханасы" ШЖҚ МКК Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы
"№ 2 Ақтау қалалық емханасы" ШЖҚ МКК
Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы
"№ 2 Ақтау қалалық емханасы" ШЖҚ МКК Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы
AA+

2018 жылғы 1 маусым күні №2 Ақтау қалалық емханасында "Бұл әлемді біз балаларға сыйлаймыз!" ұранымен Балаларды қорғау күні аталып өтті. Мереке күні педиатрия бөлімшесінің қызметкерлері барлық кішкентай емделушілер мен олардың ата - аналарын мерекемен құттықтап, түрлі сыйлықтар, шарлар және мақтау қағаздарын табыс етті. Ата - аналар емхана ұжымына балаларға көтерінкі көңіл - күй сыйлағаны үшін өз ризашылықтарын білдірді .

Естеріңізге салып кетейік, Балаларды қорғау күні - ескі халықаралық мейрамдарының бірі болып саналады, ол 1950 жылдаң бері әр жылдың 1 маусымында аталып өтіледі.