| № | Атауы | Жүктеу |
|---|---|---|
| 1 | Жоспар 2026 комплаенс |
Жиналыс барысында сыбайлас жемқорлықпен күресу - тек басшылықтың ғана емес, әрбір қызметкердің ортақ міндеті екендігі ерекше атап өтілді. Сонымен қатар медицина саласында қызмет көрсету барысында әрбір науқастың жағдайына түсіністікпен қарап, ауруханаға көмек сұрап келген азаматты өз әкеңіздей немесе анаңыздай қабылдап, жанашырлықпен қолдау көрсету қажеттігі айтылды. Қызметкерлерге адалдық, жауапкершілік және адамгершілік қағидаттарын ұстану арқылы ғана қоғам сенімін арттыруға болатыны түсіндірілді.
Семинарда ұжымға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс шаралар түсіндірілді. Оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы өзгерістер туралы ұжымның назарына жеткізіліп, соңында жемқорлықтың зардабының нәтижесі бойынша қысқаша арнайы бейнатаспа көрсетілді.
Комплаенс-офицер А.Төлеу
2026 жылғы 4 ақпан
Медицина саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу: тәуекелдер, талдау және алдын алу шаралары
«№2 Ақтау қалалық емханасы» ШЖҚ МКК-ның сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл бағыты бойынша 2026 жылға арналған іс-шаралар жоспарының 3-тармағын орындау мақсатында 2026 жылғы 3 ақпанда №2 Ақтау қалалық емханасының басшы құрамындағы қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында мониторинг жүргізу және талдау нәтижесінде анықталған тәуекелдер мен кемшіліктер туралы ақпарат берілді.
Аталған іс-шара Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Жасұлан Маршакұлының және «БАЙТАҚ» жасылдар партиясының Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы, Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының мүшесі Қонарбаев Аллаберген Әзірбайжанұлының жетекшілігімен өткен семинар аясында ұйымдастырылды.
Кездесу барысында салада орын алуы мүмкін құқық бұзушылықтардың алдын алу, ашықтықты қамтамасыз ету және медицина аласында қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелері талқыланды.
"№2 Ақтау қалалық емханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорында 05 тамыз 2025 жылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау болатындығын хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс шаралар
«№2 Ақтау қалалық емханасы» ШЖҚ МКК-ның сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл бағыты бойынша іс-шараларының 2024 жылға жоспарының 3 тармағын орындау мақсатында 2024 жылдың 20 маусымында №2 Ақтау қалалық емханасы жеке құрамы және облыстық көп бейінді ауруханасының қызметкерлеріне ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті Превенция басқармасының бас маманы Куспанова Ханшайым Оралбаевнаның жетекшілігімен семинар өтті.
Семинарда ұжымға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс шаралар түсіндірілді. Оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы өзгерістер туралы ұжымның назарына жеткізіліп, соңында шет мемлекетінен жылжымайтын мүліктерді мемлекет есебіне қайтару бойынша қысқаша арнайы бейнатаспа көрсетілді.
Комплаенс-офицер Төлеу А.Б.
2024 жылғы 21 маусым



