Науқан дәрілік заттар мен вакциналардың қауіпсіздігіне қатысты кең ауқымды тақырыптарды қамтиды:
- жағымсыз әсерлердің алдын алу;
- полипрагмазия (бір мезгілде бес және одан да көп дәріні қабылдау) мәселелері;
- балалар мен жүкті әйелдерге арналған дәрілік препараттарды қабылдау ерекшеліктері;
- дәрілердің жағымсыз әсерлерін азайтудағы пациенттер мен медицина қызметкерлерінің рөлі.
Сіздің және серіктестердің қолдауының арқасында бұл науқан бүгінде әлемнің 170 - тен астам елінде жүзеге асырылуда.

