Жиналыс барысында сыбайлас жемқорлықпен күресу - тек басшылықтың ғана емес, әрбір қызметкердің ортақ міндеті екендігі ерекше атап өтілді. Сонымен қатар медицина саласында қызмет көрсету барысында әрбір науқастың жағдайына түсіністікпен қарап, ауруханаға көмек сұрап келген азаматты өз әкеңіздей немесе анаңыздай қабылдап, жанашырлықпен қолдау көрсету қажеттігі айтылды. Қызметкерлерге адалдық, жауапкершілік және адамгершілік қағидаттарын ұстану арқылы ғана қоғам сенімін арттыруға болатыны түсіндірілді.
Семинарда ұжымға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс шаралар түсіндірілді. Оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы өзгерістер туралы ұжымның назарына жеткізіліп, соңында жемқорлықтың зардабының нәтижесі бойынша қысқаша арнайы бейнатаспа көрсетілді.
Комплаенс-офицер А.Төлеу
2026 жылғы 4 ақпан

