«№ 2 Ақтау қалалық емханасы» ШЖҚ МКК-на тіркелген
халықтың назарына! !!
Медицина саласының цифрландырылуына байланысты медициналық ақпараттық жүйе енгізілуде. БМСК деңгейіндегі цифрландырылу бағыттарының бірі- электронды тіркеу орнын құру. Осыған байланысты, № 2 Ақтау қалалық емханасының тіркеу орны мен анықтама қызметі телефондары бірыңғай СALL –орталыққа біріктірілді.
СALL –орталық- емделушілерден келіп түсетін қоңырауларды кәсіби өңдеуге арналған аппаратық-ақпараттық құралдардың, ақпараттық және операторлық ресурстардың жиынтығы болып табылады.
Сіз СALL –орталыққа хабарласып, келесі қызмет түрлерін:
-қажетті ақпарат;
-дәрігерді үйге шақырту;
-дәрігердің қабылдауына жазылу;
-дәрігердің, флюорокабинеттің, зертхананың және т.б. емхана қызметтерінің жұмыс кестесін;
-медициналық кеңес ала аласыз.
Балалар бөлімшесінің тіркеу орны мен анықтама қызметінің телефоны
8(7292) 290 - 303
Ересектер бөлімшесінің тіркеу орны мен анықтама қызметінің телефоны
8(7292) 290 - 404
Құрметпен, № 2 Ақтау қалалық емханасы басшылығы
Құрметті Ақтау қаласының тұрғындары!!!
Медицина саласының цифрландырылуына байланысты, Сіз DAMU MED мобильді қосымшаны өз телефондарыңызға жүктей аласыз. DAMU MED мобильді қосымшасы - бұл емделушінің жеке кабинеті. Әрбір азамат өзінің жеке кабинетінен келесі қызмет түрлерін ала алады:
- дәрігердің қабылдауына жазылу;
- дәрігерді үйге шақырту;
- зертханалық талдаулар қорытындылары;
- дәрі-дәрмек рецептілері;
- дәрі-дәрмек рецептілерін ұзарту;
- еңбекке жарамсыздық парақшалары.