«Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі, Маңғыстау облысы, 130000, Ақтау қаласы, 3 шағын аудан, № 100 ғимарат, Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының «№ 2 Ақтау қалалық емханасы» ШЖҚ МКК -да байқау кеңесінің мүшелерін іріктеу жөнінде конкурс туралы хабарлайды:
Конкурс өткізу күні мен орны: Ақтау қаласы, 3 шағын аудан, № 100 ғимарат.
Кәсіпорынның орналасқан орны: 130000, Ақтау қаласы, 24 шағын аудан, емхананың ғимараты.
Кәсіпорынның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы:
Ересектер мен балалар топтарына кепілдендірілген көлемде ақысыз медициналық көмек көрсетілуін, Ересектер мен балалар топтарына амбулаториялық-емханалық көмек көрсетілуін қамтамасыз ету, және т.б.;
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптарды: жоғары білімнің, сондай-ақ мынадай талаптардың бірінің:
1) денсаулық сақтау немесе ұйым бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің;
2) денсаулық сақтау немесе ұйым бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы басшылық қызметте кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің;
3) денсаулық сақтау және (немесе) экономика және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы қоғамдық бірлестіктердің мүшесі.
Мынадай:
1) соттылығы өтелмеген немесе алынбаған;
2) заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы шешім қабылданғанға дейін бір жылдан астам осы заңды тұлғаның басшысы болған;
3) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;
4) байқау кеңесінің басқа мүшесімен немесе мемлекеттік кәсіпорын басшысымен жақын туыстық және туыстық қатынастағы адамды байқау кеңесінің мүшесі ретінде сайлауға болмайды.
Конкурсқа қатысуға келесі құжаттар тапсыру қажет:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш (еркін нысанда жазылған);
2) мемлекеттік және орыс тіліндеріндегі түйіндеме;
3) өмірбаян (еркін нысанда жазылған);
4) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
5) жоғары білімі туралы құжаттың көшірмесі;
6) 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары жоқ екендігін растайтын құжаттар.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, алдындағы жұмыс орнының басшылығынан ұсыным) беруіне болады.
Қатысушы конкурстық өтінімнің түпнұсқасын "Түпнұсқа" деп белгіленген конвертке салып мөрлейді. Бұл конвертте қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және мекенжайы көрсетілуі тиіс. Содан кейін конверт сыртқы конвертке салынып мөрленеді.
Ішкі және сыртқы конверттер:
1) 130000, Ақтау қаласы, 3 шағын аудан, № 100 ғимарат, «Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне бағытталуы;
2) Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының «№ 2 Ақтау қалалық емханасы» ШЖҚ МКК - ның байқау кеңесі мүшелерінің конкурсы" және "2018 жылғы 13 қазан сағат 10-00 ге дейін ашуға болмайды".
Конкурстық өтінім «Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне (№215 кабинет), Маңғыстау облысы, 130000, Ақтау қаласы, 3 шағын аудан, № 100 ғимарат мекенжай бойынша жіберіледі
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардың құжаттарын қабылдау басталатын күн мерзiмдi баспасөз басылымдарына конкурс өткізу хабарландыруы орналастырылған күннен бастап айқындалады.
Құжаттарды қабылдау мерзiмдi баспасөз басылымдарына конкурс өткізу жарияланған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн өткен соң аяқталады.
Анықтама үшін телефон нөмірлері: 8 (7292) 30-20-38, 8 (7292) 30-20-59, 8 (7292) 30-20-53;