Новости Kz
СПИД - ке қарсы күрес күні 29 жыл бұрын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ВИЧ / СПИД проблемаларына қоғамның назарын аудару және өзімізді вирустан қорғау үшін қауіпсіздік шараларын қолдану туралы шешім қабылдаған кезде құрылған болатын.
БҰҰ - ның мәліметтері сонымен қатар әлемде 36 миллионнан астам адамның АИТВ - мен ауыратындығын көрсетеді.
Қазақстанда қызылшамен ауырған 14,4 мың баланың 80% - дан астамы егілмеген, оның жартысынан көбі ерікті түрде бас тартудың себебінен болып отыр, деп хабарлады бүгін Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният.
Республикада қызылшаның 17 мыңнан астам жағдайы тіркелді, оның ішінде 82% - дан астамы немесе 14465 жағдай балаларға тиесілі, оның 83% - ы вакцинация алмаған балалар. Бұл ретте, балалардың 60% - ы ата-аналарының бас тартуына байланысты егілмеген, қалған балалар егу жасына жетпегендер не медициналық қарсы көрсетілімдері бар.
«Темекі шегуден бас тарту» күніне орай Ақтау қалалық №2 емханасында «Ашық есік» күні өтті. Психолог, СӨСҚ дәрігерлері қала тұрғындарына қабылдап, қызмет көрсетті. «Ашық есік» күніне барлығы 27 адам қатысып, кеңес алды.
№2 Ақтау қалалық емханасының гинеколог - дәрігері, психолог және жастар орталығының маманы №10 - мектеп оқушыларына «Қыз тәрбиесі - ұл тәрбиесі» тақырыбында дәріс оқыды. Сондай-ақ, ерте жүктіліктің алдын-алу және жыныстық жолмен жұғатын аурулар бойынша анонимді түрде анкета таратылды. Шараға 60-қа жуық оқушы қызбалалар қатысты. Олар дәріс оқыған гинекологқа және психолог мамандарға сұрақтарын қойып, пікір алмасты.
№2 Ақтау қалалық емхана қызметкерлері ауруларды алдын алу мақсатында тегін скрининг тексеруден өтіге кеңес береді. Денсаулығыңызда ешқандай шағым болмаса да, скринингтен өту маңызды. Скринингтен өтетіндер тұрғылықты жері бойынша емханасына барып тексеруде. Жас ерекшелііктеріне қарай жүрек тамыр аурулары, сүт безінің обыры және қант диабетін алдын алуға болады. 30 - 70 жас аралығындағы барлық тұрғындар өте алады. Айта кетейік жыл басынан бері 15 мыңнан астам адам скрининг тексеруінен өткен. Ал, күніне 50 жуық емделуші тексерілуге келеді дейді мамандар.
25 қазан - Республика күні қарсаңында ҚР Денсаулық сақтау министрінің ҚР Денсаулық сақтау министрінің «Құрмет» грамотасымен №2 Ақтау қалалық емханасы директорының орынбасары Челеев Мақсат Серікұлы марапатталды. Сонымен қоса «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен №2 Ақтау қалалық емханасының инфекционист дәрігері Төлеубаева Айнұр Нұғманқызы марапатталады. Айнұр Нұғманқызының денсаулық сақтау саласындағы еңбек өтілі 30 жыл.
Шын жүректен құттықтаймыз!
Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының 11.05.2023 жылғы №-136 бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 24 қарашадағы №-945 қауылысымен бекітілген ҚР денсаулық сақтауды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру мақсатында және ҚР ДСМ 2022 жылғы 28 қыркүйектегі № - 842 бұйрығына сәйкес, Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданындағы ДСҰ демонстрациялық флатформасының және Жамбыл облысының бастапқы медициналық санитариялық ұйымдарында (БМСК бойынша үздік тәжірибелер орталықтарының нәтижесімен бөлісу мақсатында ШЖҚ МКК “Ақтау қалалық №-2 емханасы” базасында 2023 жылдың 11 қазаны күні “Үздік тәжірибе орталықтарының жұмыстарын насихаттау”жүргізілді.
№2 АҚТАУ ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАСЫ "ГРИППОЛ ПЛЮС" ЕКПЕСІН ЕГІП БАСТАДЫ.
Гриппол плюс (полимер - суббірлікті белсенділігі жойылған үш валентті тұмау вакцинасы).
Қолданылуы: 6 айдан бастап балаларда, жасөспірімдерде және жас шамасы шектеусіз ересектерде тұмаудың спецификалық профилактикасы.
Егуге жатқызылатын контингенттер. Вакцина әсіресе мыналарға көрсетілген:
№2 Ақтау қалалық емханасы 2023 жылғы 1 тоқсанына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу басталғанын хабарлайды.
28 - шілде Дүниежүзілік гепатитике қарсы күрес күніне орай № 2 Ақтау қалалық емханасында Ашық есік күні өтті. Жоғары санатты дәрігер терапевт, дәрігер инфекционист Айнұр Тулеубаева және Жоғары санатты ЗОЖ дәрігерi терапевт Баян Есбергенова тұрғындарды қабылдады. Ашық есік күні вирустық гепатитке скрининг өтуге кеңес берiлдi.
Достар, сіздерде МӘМС жарналарын төлеуге қатысты сұрақтарыңыз бар екенін білеміз.
Осыған орай, жұмыс берушілер мен қызметкерлерге қатысты жиі кездесетін бес сұрақты жинадық.