№2 Ақтау қалалық емханасында 400 - ден астам мейірбике қызмет етеді. Олардың көпшілігі санатты білікті мамандар және барлығы ұдайы біліктілігін арттырып тұрады. Кәсіби біліктілігінің арқасында барлығы құрметке ие.
12 мамыр күні емхана холында Халықаралық мейірбикелер күніне орай салтанатты қуттықтау шарасы өтті. Бұл шарада директордың емдеу жұмысы бойынша орынбасары А.Н.Нурллина, директордың уақытша еңбекке жарамсыздық сараптамасы бойынша орынбасары Х.М.Мендіханов және кәсіподақ комитетінің төрағасы А.К.Нұрғожаева мейірбикелерді төл мерекелерімен шын жүректен құттықтады.