28 - шілде Дүниежүзілік гепатитике қарсы күрес күніне орай № 2 Ақтау қалалық емханасында Ашық есік күні өтті. Жоғары санатты дәрігер терапевт, дәрігер инфекционист Айнұр Тулеубаева және Жоғары санатты ЗОЖ дәрігерi терапевт Баян Есбергенова тұрғындарды қабылдады. Ашық есік күні вирустық гепатитке скрининг өтуге кеңес берiлдi.
Емханаға келген науқастарға вирустық гепатиттің алдын алу жолдары түсiндiрілді. Қарақия ауданынан, Мунайлы ауданы Батыр елді мекеннен де науқастар келді. Ашық есік күніне барлығы 32 адам қатысты.