Дүниежүзілік ЖИТС - ке қарсы күрес күніне орайластырылған айлық аясында 2019 жылғы 28 қараша күні №2 Ақтау қалалық емханасында облыстық ЖИТС орталығы мамандарының қатысуымен Ашық есік күні ұйымдастырылды.
Ондағы басты мақсат - АИТВ/ЖИТС - тың алдын алу туралы халықтың хабардар болуын арттыру, денсаулық сақтау тәртібін қалыптастыру, АИТВ инфекциясын жұқтыру қаупі бар іс-әрекеттердің салдары туралы адамдардың түсінігін арттыру.
Шара барысында емхана келушілеріне АИТВ/ЖИТС-тың жұғу жолдары, аурудың алдын алу туралы мәліметтер беріліп, ақпараттық буклеттер таратылып, экспресс - тест ұсынылды және де сауалнама жүргізілді.