2018 жылғы 26 шілде күні Маңғыстау облысы Дін істері басқармасының өкілдері Аталикова Ж.Я. мен Оналбаева А.С. №2 Ақтау қалалық емханасы ұжымымен кездесіп, "Зайырлылық және руханилылық" тақырыбында баяндама жасады. Кездесу барысында басқарма мамандары Зайырлылық пен Руханилықтың негіздерін түсіндіріп, ара байланысын ашып көрсетті. Соңында кездесу қатысушыларын мазалаған дін төңірегіндегі сұрақтарына жауап қайтарылды.