2019 жылдың 14 қыркүйек күні №2 Ақтау қалалық емханасында қатерлі ісік ауруларының алдын алу бойынша Ашық есік күні өтті.
Бұл күні емханаға келушілер медициналық тексерістен өтіп, онколог - маманның кеңесін алды. Шара аясында келушілердің бойы мен салмағы, артериалды қан қысымы, көзішілік қысымы өлшеніп, қан құрамындағы қант пен холестерин деңгейін анықтайтын талдаулар жасалып, толық скринингтік бағдарлама жүргізілді.