6.06.2019ж. "Заман" СО - да №2 Ақтау қалалық емханасының қызметкерлері "Біз денсаулықты таңдаймыз!" ұранымен кеңауқымды акция өткізді.
Ақ халаттылар тұрғындардың қан қысымын өлшеп, қан құрамындағы қант пен холестериннің деңгейін анықтайтын жедел - талдаулар жасады.
МӘМС бекеттері орнатылып, онда халықтың көкейіндегі медициналық сақтандыру және денсаулық сақтау саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы барлық сұрақтарына №2 Ақтау қалалық емханасы директорының ұйымдастыру-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары А.К.Жакешева толыққанды жауап берді.
Сонымен қатар ақпараттық буклеттер таратылды.