Темекі шегудің алдын алу айлығы аясында №2 Ақтау қалалық емханасында 2018 жылдың мамыр айының 14 күні Ашық есік күні өтті. Емхана холында "Никотинді дәруменге ауыстыр!" акциясы өткізілді.
Онда психологтар емделушілер арасында темекі шегудің зияны туралы түсіндіру, кеңес беру жұмыстарын жүргізіп, шылымқорларға өз темекілерін тәтті жемістер мен дәрумендерге аустыру ұсынылды.