Бронх демікпесі денсаулық сақтау саласына ғаламдық мәселе тудырып, көп таралған созылмалы аурулардың бірі болып табылады.
Бронх демікпесі денсаулық сақтау саласына ғаламдық мәселе тудырып, көп таралған созылмалы аурулардың бірі болып табылады. ДДҰ - ның мәліметтері бойынша әлемде 5% - ға жуық ересек және 10% бала бронх демікпесінен зардап шегеді. Бұл дүние жүзінде ен көп таралған созылмалы ауру.
Дүниежүзілік бронх демікпесімен күрес күніне орайластырылған онкүндік аясында №2 Ақтау қалалық емханасында 2018 жылғы 11 мамырда Бронх демікпесі мектебінде сабақ өтті. Онда №1 жалпы тәжірибе бөлімшесінің жалпы тәжірибе дәрігері А.А.Байбосынова бронх демікпесі пайда болу себептерін және оның алдын алу туралы мағлұмат берді. Соңында ақпараттық - оқыту материалдары таратылды.