Қазіргі заманғы қоғамның маңызды мәселесінің бірі болып - жоспарлы алдын алу екпелерден бас тарту танылады. Осыған орай 2019 жылғы 8 ақпанда №2 Ақтау қалалық емханасы директорының орынбасары Ж.К.Шаңытбаева облыстық Бекет ата мешіті бас имамның ұйымдастырылуымен "Дені сау ұрпақ-жарқын болашақ" тақырыбында өткен дөңгелек үстелге қатысып, жоспарлы алдын алу екпелерден бас тарту жөнінде өз пікірімен бөлісті.