Ағымдағы жылдың 2 қараша күні №2 Ақтау қалалық емханасы басшылығының бастамасымен емхана бекітілген егде жастағы тұрғындарға дөнгелек үстел ұйымдастырылды.
Аталмыш шараға облысымызға іссапармен келген ҚР геронтолог дәрігерлер ассоциациясының президенті, ҚР геронтология және гериатрия мәселелері бойынша бас маманы, профессор А.Байсұлтанова қатысып,егде жастағы тұрғындарға қарттықта дені сау, ақыл - есі сергек, жүріс - тұрысы тың болу үшін дұрыс тамақтанудың, дене шыңықтыру жаттығуларымен, өнермен айналысудың маңыздылығын түсіндіріп, қатусышылардың сұрақтарына толыққанды жауап берді. Шара соңында қатысушылар ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдірді.