7 сәуір - Дүниежүзілік денсаулық күні. Бұл күнді әлемнің барлық елдері атап өтеді. Атаулы күнге орай 2019 жылғы 5 сәуір күні №2 Ақтау қалалық емханасында Ашық есік күні өтті.
Бұл күні емханаға қаралуға келген емделушілердің бойы мен салмағы, артериалды қан қысымы өлшеніп, қан құрамындағы қант пен холестерин деңгейін анықтайтын талдаулар жасалып, скринингтік бағдарлама жүргізілді.
Емхана аға медбикесі С.Ә.Итбалахова емделушілерге міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың жаңа мүмкіндіктері туралы толыққанды мәлімет берді.
Бір қатар жас мамандар "Денсаулық - зор байлық" тақырыбында флешмоб көрсетті.