7 сәуір - Дүниежүзілік денсаулық күні. Бұл атаулы күн 1948 жылы 7 сәуірде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының құрылған күнінде аталып өтіледі. Биылғы Дүниежүзілік денсаулық күні "Сау болу - сәнді!" ұранымен өтілуде.
Дүниежүзілік денсаулық күні аясында 2018 жылғы 6 сәуір күні №2 Ақтау қалалық емханасында Ашық есік күні өтті. Емхана психологы Б.Иманалиева темекіге қарсы күрес кабинетінде студенттерге "Зиянды әдеттері темекі тарту, нашақорлық, ішімдік" тақырыбында сабақ оқыды.
Сондай - ақ, сол күні №2 Ақтау қалалық емханасының қызметкерлері "Сау бол - сәнді!" ұранымен флешмоб өткізді.
2018 жылғы 7 сәуір күні №2 Ақтау қалалық емханасында Ашық есік күні өтіп, емделушілердің бойы мен салмағы, артериалды қан қысымы, көзішілік қысымы өлшеніп, қан құрамындағы қант пен холестерин деңгейін анықтайтын талдаулар жасалып, скринингтік бағдарлама жүргізілді.