Дүниежүзілік иммундау апталығы аясында 2019 жылғы 29 сәуір күні №2 Ақтау қалалық емханасының жалпы тәжірибе дәрігері А.Г.Тастайбекова №28 орта мектептің 4 сынып оқушылары арасында "Вакцинация - сау өмірге әкелетін жол!" тақырыбында сабақ өткізді. Ондағы мақсат балаларға екпенің пайдасы мен екпені алмаған жағдайдағы қауіпті жеткілікті түрде түсіндіріп, екпе егуге оң қозқарас қалыптастыру.
29 сәуірде емхананың жас қызметкерлері "Біз екпені қолдаймыз!" атты флешмоб өткізді.
30 сәуір күні №2 Ақтау қалалық емханасының балалар бөлімшесінде қалалық мешітінің өкілі және Ақтау қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері ата - аналармен және педиатр дәрігерлермен кездесіп, профилактикалық екпелердің қажеттілігі туралы түсініктемелер беріп, басылым өнімдері таратылды.